Алматы • Бүгін, 17:00

Алматы тауларындағы қоқыс пен ретсіздік: Мәселенің шешімі қандай?

2 мин
оқу үшін

Заңгер Ержан Есімханов Алматы тауларының болашағы қандай болуы керек деген сұраққа қатысты пікір білдірді. Ол Instagram парақшасында Алматылық тау кластері мен Almaty Superski жобалары төңірегіндегі пікірталасқа тоқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларындағы қоқыс пен ретсіздік: Мәселенің шешімі қандай?

Заңгердің айтуынша, қазір қоғамда екі түрлі көзқарас қалыптасқан: бір тарап тауларды қазіргі табиғи қалпында сақтауды қолдаса, екінші тарап туристік инфрақұрылымды белсенді дамытуды ұсынады.

Табиғат жанашырлары Алматы тауларын шаһардың басты ерекшелігі екенін айтады. Олардың пікірінше, адамдар арнайы қымбат жабдықсыз-ақ жаяу серуендеп, трейлраннингпен немесе альпинизммен айналыса алады.

Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты

Алайда Ержан Есімханов қазіргі таңда танымал бағыттарда күрделі мәселелер көбейгенін атап өтті. Оның сөзінше, Бұтақты шатқалы, сарқырамалар мен басқа да демалыс орындарында ретсіз автотұрақтар, қоқыс, от жағу, шу және шамадан тыс адам көптігі байқалады. Егер жағдай өзгермесе, мұндай орындар қарапайым туристер үшін қолайсыз бола түседі дейді ол.

о

Сондай-ақ заңгер шетелдік туристердің әлеуметтік желілерде өңірдегі қоқыс пен тәртіпсіздікті көрсететін видеолар жариялап жүргенін айтып, бұл Алматының имиджіне әсер ететінін жеткізді.

Осы ретте ол Аустрия мен Шотландия тәжірибесін келтірді. Оның айтуынша, бұл елдерде таулар көпшілікке ашық болғанымен, туристік бағыттар жүйелі ұйымдастырылған: арнайы соқпақтар, арқан жолдары, демалыс инфрақұрылымы және қауіпсіздік қызметтері бар.

Алматыға «Almaty Superski» жобасы не үшін керек?

Осыған байланысты Е. Есімханов Алматы маңындағы тауларды жүйелі түрде дамыту қажет деп санайды. Ол:

  • жаяу бағыттарды реттеуді;
  • тұрақтар ұйымдастыруды;
  • құтқару және тазалық жүйесін күшейтуді;
  • велосипед жолдары мен аспалы жолдарды дамытуды ұсынады.

Сонымен қатар табиғатқа зиянды барынша азайтып, экологияны сақтау маңызды екенін атап өтті.

Заңгердің пікірінше, мәселе жобалардың атауында емес. Ең бастысы – таулы аймақтарды ретсіз емес, жүйелі түрде дамыту.

Соңғы жаңалықтар