Қоғам
1 мин оқу 810

Лимонның тұрмыстағы бес пайдасы қандай?

<p>Лимон, әсіресе суық тигенде таптырмас өнім екені бәрімізге белгілі. Иммунитетті нығайтудан басқа, сары жемістің үй тұрмысында да пайдасы көп екенін бірі білсе, бірі білмейді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сонымен лимонның қандай пайдасы бар?

  • Металл ыдыстарды лимон қабығымен сүртіп, сумен жусаңыз, жарқырап шыға келеді.
  • Күріштің бір-біріне жабыспай, шашырап піскенін қаласаңыз, 1 ас қасық лимон сығындысын пайдалансаңыз жеткілікті.
  • Шәйнектің ішін қақтан тазартуда лимон таптырмас құрал. Лимонды қабығымен кесіп, үстінен су құйып, 10-15 мин қайнату керек.
  • 5 ас қасық лимон шырыны қосылған сумен әйнек пен айнаны сүртсеңіз, барлық дақты кетіреді. Әрі үйдің ішіне жағымды иіс береді.
  • Лимон микротолқынды пешті тазалауға, сондай-ақ оның ішіндегі жаман иісті жоюға көмектеседі. Ол үшін су құйылған стақанға бірнеше қасық лимон сығындысын қосып, пештің ішінде қыздыру керек. Кейін құрылғының ішін шүберекпен сүртіп алған жөн.
Бөлісу:
Лимонның тұрмыстағы бес пайдасы қандай? · Egemen Qazaqstan