Үкімет
1 мин оқу 156

Жолдар құрылысын сапалы аяқтау қажет

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Әлихан Смайылов&shy;тың &laquo;CITIC Construction&raquo; компаниясының бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесуі барысында &laquo;Талдықорған &ndash; Өскемен&raquo; және &laquo;Қарағанды &ndash; Балқаш&raquo; республикалық автожолдарын күрделі жөндеу мәселелері талқыланды.</p>

Жолдар құрылысын сапалы аяқтау қажет

Үкімет басшысы аталған ірі жобалардың уақтылы аяқталуын және сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Келесі маусымдағы жұ­мыстар үшін жол-құрылыс материал­дарын, оның ішінде қиыр­шық тас пен битумды алдын ала дайындау қажет. Қосалқы мердігерлік ұйымдар да осындай жұмыс жүргізуге тиіс», деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-министр жүргізушілердің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін жолдарды қыста күтіп ұстау жұ­мыстарын бақылауға алу қажет­тігіне де тоқталды.

Кездесу барысында «CITIC Construction» компаниясының Қазақстан аумағындағы басқа да автожол жобаларына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ ком­панияның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сала­ларын­дағы инвестициялық жобаларды іске қосу бастамалары талқыланды.

Орталық мемлекеттік органдар тарапынан тиісті жобаларды пысықтауда қажетті қолдау көрсетілетіні аталып өтті.

Бөлісу:
Жолдар құрылысын сапалы аяқтау қажет · Egemen Qazaqstan