Спорт
1 мин оқу 330

Қазақстанға Куба боксшылары келді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанға бокстан Кубаның ұлттық құрамасы келді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстанға Куба боксшылары келді

Бокстан ұлттық құрама мүшелері Куба боксшыларымен тізе қосып оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бүгіннен басталатын бірлескен жаттығу өрісі 16 желтоқсанға дейін жалғасады. 17 желтоқсан күні Қарағанды қаласында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын көтереді. Кубадан келген 9 боксшы да осы додаға қатыспақ.  Құраманың бас бапкері  Карлос  Мануэль Перес Рейес Қазақстанға шақырған бокс федерациясының басшылығына алғысын білдіріп, екі ел боксшыларының арасында берік қатынас орнағанын айтты.     

Бөлісу:
Қазақстанға Куба боксшылары келді · Egemen Qazaqstan