Астанада аялдама ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті
<p style="text-align: justify;">3 желтоқсан күні қатты жел салдарынан Астанадағы Абылай хан көшесі бойындағы аялдама егде жастағы ерлі-зайыптылардың үстіне құлап кетті. Ер адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Тосын оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге инцидент жүктеген.
«3 желтоқсан күні таңертең Астана қаласы, Абылай хан көшесі 60 мекенжайы бойындағы аялдамада ата-анам тұрған, желдің әсерінен аялдаманың терезесі оларға құлап, салдарынан әкемнің жамбасы сынған. Енді операция жасау жоспарланып отыр. Қауіпсіздік ережелері сақталмаған жұмыс үшін егде жастағы ата-анам зардап шегіп отыр», деп жазды видео авторы Instagram желісінде.
Видеодан қатты желдің әсерінен аялдаманың әйнегі ерлі-зайыптылардың үстіне түсіп, олардың жерге құлағанын көруге болады. Әйелі орнынан дереу тұрып, жұбайын орнынан тұрғызбақшы болғанмен, ол орнынан қозғала алмаған.
Оқыс оқиғадан кейін ерлі-зайыптылар №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Тексеру нәтижесінде әйел адам үйден ем алуға жіберіліп, ер адамға операция тағайындалған.
