Хоккей
1 мин оқу 93

«Северстальді» ұтты

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген &laquo;Барыс&raquo; өткен аптада тұрақты біріншілікте көш бастап тұрған Магнитогрскінің &laquo;Металлургін&raquo; 5:2 есебімен ұтқанда кәдімгідей қуанған едік.</p>

«Северстальді» ұтты

Арада үш күн өткеннен соң жерлестеріміз Череповецке сапар шегіп, жергілікті «Се­верстальмен» шеберлік байқасты. Бұл кездесуде де «Барыс» жақсы ойын өрнегін көрсетті. 8-минутта Энтони Камара есеп ашса, үзіліске дейін Илья Иванцов таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде де қос клуб бір-бірінің қақпасын бір-бір реттен дәл көздеді. Астаналық команданың сапында мергендік танытқан – Михаил Рахманов. Одан кейін таблодағы сандар өзгерген жоқ. Овертаймда Евгений Рымарев жеңіс голын салды – 2:3.

Сөйтіп, осыған дейін жеңілістен бас көтермей жүрген «Барыс» қатарынан екі ойын­да жеңіске жетті. Сол арқылы көш соңын­дағы Владивостоктың «Адмиралынан» үш ұпай озып, жарыс кестесінде 22-орынға тұрақ­тады.

Бөлісу:
«Северстальді» ұтты · Egemen Qazaqstan