Елорда
1 мин оқу 180

Елордада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспалары себіледі

<p style="text-align: justify;">Елордада көктайғаққа орай, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын және жолдарда көктайғақтың орнауына жол бермес үшін барлық шаралар қабылданып жатқанын қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жауын-шашынның көп түсуіне және температураның өзгеруіне байланысты көшелерде көктайғақ орнайды. Қала тұрғындары қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарларға, көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтіліп отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан көшеде жүргенде өте мұқият болуды сұрады.

Бөлісу:
Елордада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспалары себіледі · Egemen Qazaqstan