Қоғам
1 мин оқу 290

Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары онлайн оқиды

<p style="text-align: justify;">Бүгін ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;&nbsp;</p>

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

Бөлісу:
Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары онлайн оқиды · Egemen Qazaqstan