Қоғам
1 мин оқу 300

Еліміздің барлық өңірінде қызылша ауруы өршіп тұр

<p style="text-align: justify;">Күн сайын Қазақстанда қызылшаның 300-ге жуық жағдайы тіркеледі, негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдардың есебінен тіркеледі. Бұл туралы 6 желтоқсанда ОКҚ-да өткен сараптамалық брифингте ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жыл басынан бері елімізде қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді, оның ішінде 81% (16351) – 14 жасқа дейінгі балалардың, 3,4% (706) – жасөспірімдердің, 15,4% (3131) – ересектердің арасында.

Қызылша ауруы барлық өңірлерде тіркелді. Шымкент қаласында жоғары деңгей байқалды – 3069 жағдай (100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 263,5), Алматы қаласында – 3010 жағдай (136,5), Жамбыл – 2724 жағдай (224,0), Маңғыстау – 1701 (218,0), Алматы – 1812 (119,0), Атырау – 1377 (196,6), Ақтөбе – 1485 (158,7), Қызылорда облыстарында – 1182 жағдай (139,8).

«Жалпы республика бойынша ауру балалар арасында вакцинацияланбаған балалардың үлесі 83,6% -ды құрады (13 670 жағдай)», деді Манар Смағұл. 

Манар Смағұл қызылшаға қарсы вакцина 60 жыл бойы қолданылып келе жатқанын және аурудың таралуын тоқтату үшін ұсынылғанын атап өтті. Сонымен қатар ата-аналарды балаларды қызылшаға қарсы уақтылы вакцинациялауға, 6-10 айлық және 2-5 жас аралығындағы балаларға қосымша иммундауға шақырды.

Бөлісу: