Экономика
1 мин оқу 270
«АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан инвесторы басқарады
<p style="text-align: justify;">Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы туралы айтып берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Ешқандай да шетелдік инвестор қатыспайды. Кәсіпорынды Қазақстан инвесторы иеленіп, басқаратын болады. Бұл ретте 3 жыл ішінде инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $3,5 млрд-ты құрайды. Жақын арада кәсіпорынның операциялық жұмысын жақсартуда инвестициялар көлемі $1 млрд-тан асады», деді Қ.Шарлапаев
Оның айтуынша, Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы арасындағы келісімге 7 желтоқсанда қол қойылған. Ал барлық есеп айырысулар мен акция аударымдары кеше түстен кейін аяқталыпты.
«Біз ArcelorMittal компаниясы тарапынан «Қазақстан халқына» қорына қайырымдылық мөлшері, сондай-ақ кәсіпорынның одан әрі жұмыс істеу шарттары туралы ұзақ келіссөздер жүргіздік», деді министр.
Бөлісу:
