Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр
<p style="text-align: justify;">Алматы әкімшілік полициясы науқан аясында 25 мың 500-ден астам шетелдік автокөлікті заңдастырғанын almaty_police_department инстаграм арнасы мәлім қылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың 23 қаңтарынан бастап Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді мемлекеттік тіркеу жүргізіліп жатыр.
Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасы Процессинг орталығының мәліметінше, науқан басталғалы барлығы 25 мың 570 шетелдік автокөлік тіркелсе, оның 8 мың 727-сі оң рульді.
Қала полициясы осы жылдың 1 шілдесіне дейін шетелдік көліктерді заңдастыру туралы берілген өтініштер тек биылғы 31 желтоқсанға дейін қаралатынын еске салды.
Уақыттың шектеулілігін ескерте отырып, полиция көлік иелерін заңдастыру рәсімін аяқтап, көлік құралдарын тіркеуге шақырды.
