Елорда
1 мин оқу 521

Астана маңына қатынайтын 12 автобус қозғалысын тоқтатты

<div class="article__description"> <p style="text-align: justify;">Аязға байланысты Астана қаласы маңына қатынайтын 12 автобус рейстен алынды, деп хабарлайды&nbsp; <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;City Transportation Systems&raquo; компаниясына сілтеме жасап.</p> </div>

«10 желтоқсан, сағат 05.00-ге өзекті ақпарат. Ауа райының нашарлауынан (температураның төмендеуі) қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.

Қоғамдық көлік қозғалысы туралы өзгерістерді @cts_kz парақшаларынан білуге болады», делінген компания мәліметінде.

Бөлісу: