Қоғам
1 мин оқу 200
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді, оның жалпы көлемі 38 тоннадан асады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 9 желтоқсандағы мәліметінше, тізімде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.
Бөлісу:
