Теннис
1 мин оқу 130
Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстан спортшысы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><a href="https://kaz.inform.kz/news/dmitriy-popko-turkiyadagi-turnirdn-finalina-shikti-142208/Kazinform." target="_blank" rel="noopener noreferrer">.</a></p>
Дүниежүзілік рейтингіде 504-орында тұрған Д.Попко жартылай финалда әлемнің 404-ракеткасы, ұлыбританиялық Джей Кларкпен шеберлік байқасты.
Қазақстан спортшысы қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен қапы қалдырды. Осылайша, Дмитрий Попко финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
