Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 231

Айтып келген апат

<p style="text-align: justify;">Степногор қаласында жылу жүйесінде апат орын алып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сақылдаған сары аязда жылусыз қалды.</p>

Айтып келген апат

Өткен қыстан әупірімдеп шыққан қаланың жылу жүйесіне біршама көңіл аударылып еді. Алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Көкшетау мен Степногор қалаларын жылумен жабдықтау нысандарын жаңғырту туралы шешім қабылданған болатын. Үкімет резервінен бөлінген 2 миллиард теңгенің есебінен магистралдың желілерге жөндеу жүргізілді. «Степногорская ТЭЦ» және «Степ­ногорск Тепло­тран­зит» серіктестіктерінің жеке қар­жысы есебінен жылу-электр орталығының және жылу­мен жаб­дықтау желілерінің құрал-жаб­дықтарына 5,3 миллиард тең­геге жоспарлы жөндеу жұмыс­тары жүргізілген болатын.

Апат орнында жедел штаб құрылып, оған облыс әкімі Марат Ахметжанов төрағалық етті. Шұ­ғыл шаралар қолға алынды. «Степногорск теплотранзит» се­ріктестігінің мамандары жіті қимылдап, жылу жүйесіндегі апат­тың салдарын жойды. Қа­ла тұрғындары орын алған ке­­лең­­сіз жай туралы уақтылы құ­лақтандырылды. Қазір апаттың себебі анықталып, жөндеу жұ­мыс­та­ры жүргізілді. Тұрғын үйлерге жылу беріле бастады.

Қыс жаңа басталғанда қырсық шалғаны көпшілікті қобалжытып отыр. Шағын хабардың тақы­рыбында айтқанымыздай, апаттың айтып келгені де рас. Шоқ жұл­дыздай шағын ғана қаланың жылу жүйесінің тозығы жеткендігі туралы сан мәрте айтылған. Алдағы уақытта тұрғындарды әбігерге салатын тосын оқиға орын алмаса игі.

Ақмола облысы,

Степногор қаласы

Бөлісу: