Елорда
1 мин оқу 300

Астанада 11 күнде 14 көлік өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Ауа райының суытуына байланысты азаматтардың автокөліктерінің өртеніп кету жайттары жиілеп кетті. Желтоқсанның 1-інен бастап 14 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Мәселен, Иманов көшесінде «ВМW» автокөлігі өртеніп кетті. Құтқарушылар келгенге дейін өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Көліктегі өрттердің ең көп тараған себептері электр жабдықтары мен қыздыру жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болуы мүмкін», деп түсіндірді Астана қаласының полиция департаменті. 



Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

«Көлікті уақытылы тексерістен өткізіп, электр сымдарының дұрыстығын қадағалаңыздар!», делінген хабарламада. 

Бөлісу:
Астанада 11 күнде 14 көлік өртеніп кетті · Egemen Qazaqstan