50 «Егемен» жазылымын сыйлады

<p style="text-align: justify;">Келер жылдың газет, журналдарына жазылу науқанынан ел сенімін арқалаған депутаттардың да тысқары қалмағаны қандай ғанибет? Соның ішінде еліміздің басты газеті &laquo;Егеменге&raquo; жанашырлық жүрекпен, қамқор көңілмен өздері ғана жазылып қоймай, ардақты ағалардың, ақжаулықты аналардың жазылуы&shy;на қолұшын созған азаматтардың ісіне сүйсінбеуге бола ма?</p>

50 «Егемен» жазылымын сыйлады

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерболат Сатыбалдин мен Аманжол Әлтай Ұлытау облы­сының 50 еңбек ардагерін 2024 жыл­ға «Egemen Qazaqstan»-ға өз қаражаттарына жаздырып берді.

– Бұл қос жігітке алғысымыз шексіз. Біздің бірауыз сөзімізді жерге тастамады, өтінішімізді құп алды. Нәтижесінде, 50 арда­геріміз «Егеменге» тегін жазылды. Депутат ретінде халықтың кө­кейіндегі мәселелерді көтеріп жүретін олар енді, міне, осындай да азаматтық танытып отыр. Біз мұны ардагерлерге ғана емес, қазақтілді баспасөзге деген қамқорлық деп бағалаймыз. Олардың дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, қызме­тіне абырой тілейміз, дейді Ұлытау облысы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сағындық аға Қожамсейітов.

Мәжіліс төрінде жүрген қос депутаттың ақжолтай жомарт­тығы басқа азаматтарға да жұғыс­ты болғай!

Ұлытау облысы

Бөлісу:
50 «Егемен» жазылымын сыйлады · Egemen Qazaqstan