Экология
1 мин оқу 151

Ішкі істер министрлігі «Шырша» акциясын бастады

<p style="text-align: justify;">Бүгіннен бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған &laquo;Шырша&raquo; акциясын бастады. Акция шеңберінде табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді, оған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы өкілдері де қатысады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

«Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз, тәртіп сақшылары бұл туралы «102» телефоны арқылы хабарлауды сұрайды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Ішкі істер министрлігі «Шырша» акциясын бастады · Egemen Qazaqstan