Спорт
1 мин оқу 393

Футзал: Бүгін Қазақстан-Румыния матчы өтеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Бухарест қаласында футзалдан әлем чемпионаты элиталық іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы &nbsp;Румыния құрамасымен ойнайды. Румыния &ndash; Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 23:00-де басталып, &laquo;Qazsport&raquo; телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ел құрамасы А тобында. Қарсыластары – Румыния, Нидерланд, Әзербайжан.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Румынияны 4:3 есебімен ұтты. Сонымен қатар, екі мәрте Нидерландты 2:0, 2:0 және Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен жеңді.

Бес турдан 15 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы көш басында келеді, бір тур бұрын әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алған.

Нидерландта - 6, Румынияда - 4, Әзербайжанда - 4 ұпайдан.

Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары ойнаған, 2021 жылы 4-орынға табан тіреген.

Бөлісу: