Халық
1 мин оқу 1,060

Атамекенге оралған қандастар

<p style="text-align: justify;">Биыл қазан айында өткен отандастар форумына қатысу&shy;шы&shy;ларға арналған съезде Президент: &laquo;Біз шетелде тұратын қандастарымызды қолдауға қашанда мән береміз. Олардың тарихи Отанына қоныс аударуына толық жағдай жасалған&raquo;, деген еді. Қазақстанға кіндік қаны атажұрттан тыс жерде там&shy;ға&shy;ны&shy;мен, Қазақстанға оралуды аңсап жүрген қан&shy;дас&shy;тар әлі де көп. Мәселен, Атырау облысына 1 жел&shy;&shy;&shy;тоқсанға дейін шетелден 212 отбасы көшіп кел&shy;ді. Қазақстанда тұрақты тұру мақсатымен орал&shy;&shy;&shy;ған 272 этностық қазаққа қандас мәртебесі беріл&shy;&shy;ді.</p>

Атамекенге оралған қандастар

Облыстық жұмыспен қам­туды үйлес­тіру және әлеу­меттік бағ­дарламалар басқар­масы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйен­сек, атаме­кенге көшіп келген қандас­тар­­­­ды уақытша орна­лас­тыру орталығы ашыл­ған. Мұн­да қолдаудың барлық түрі көр­сетіледі.

Атамекенге оралысымен­ мұ­найлы өңірді таңдаған қан­дас­­тардың басым бөлігі – 171 отба­сындағы 218 қазақ бұрын Өзбек­с­танда тұрған. Ресей Феде­ра­циясынан 35 отбасы (44 адам), Қытай Халық Респуб­ли­ка­сынан бір отба­сы (бір адам), Түрік­менстаннан үш отбасы (жеті адам) және Моңғо­лиядан екі отбасы (екі адам) оралып отыр. Қандастардың арасынан 180 отбасы Атырау қаласына қоныс­тануға ниет білдіріпті. Ал Жылы­ой ауданына – 27, Мақатқа – 4, Ин­дер ауданына бір отбасы кө­шіп барған.

Өңірде атамекенді аңсап жет­кен қан­дас­тардың бас­па­на­мен қамтылуына да қолдау көр­сетіліп отыр. Қазір тұр­ғын үй кезегінде 43 қандас тір­кеуде тұр. Жұмыспен қам­ту орталықтарында 22 қандас жұ­мыссыз ретінде тір­келді. Тұрақ­ты­ жұмысқа бір қандас орналас­ты. Жұ­мыс­сыз­дар есебіне алын­ған төрт қандас «Бастау Бизнес» жоба­сымен арнайы оқыту курсы­нан өтіп, сертификат алған.

Атырау облысы 

Бөлісу: