Спорт
1 мин оқу 122

Семсерлесуден – 42 жүлде

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның семсерлесушілері биылғы маусымды қорытындылады. Түрлі жас ерек&shy;&shy;шеліктері бойынша жалауы жел&shy;біреген халықаралық жарыстарда жер&shy;лес&shy;теріміз 42 медальға иелік етті.</p>

Семсерлесуден – 42 жүлде

Солардың арасындағы ең құндысы – шілде айының соңында Миланда өткен әлем чемпионатының қола медалі. Оның иегері – Руслан Құрбанов. «Шпагашылардың» сайысында ол мажарстандық Мате Тама Коч пен италиялық Давиде Ди Веро­лиден ғана қалып қойды. Бұл – отандық сем­серлесушілердің дүниежүзілік дода­дағы тұңғыш жүлдесі. Дәл сол спортшымыз Әлем кубогінің кезеңдік са­йысын­да үшінші орынға табан тіреді. Аталған жа­рыста Артем Саркисян («сабля») күміс медальды мойнына ілсе, құрамында Руслан Құрбанов, Елмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов сынды сайыпқырандары бар Қазақстан құрамасы («шпага») бас жүлдені олжалады. Бұл бәсе­келер Италияның Падуя мен Леньяно және Түр­кияның Ыстанбұл қалаларында өтті.

Қытайдың Хуанчжоу қаласында алауы тұтанған Азия ойындарының командалық сайысында отандастарымыз бір күміс пен бір қоланы еншілесе, Елмир Әлімжанов үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ Дүниежүзілік универсиадада жеңіп алған қола медаліміз тағы бар.

Бөлісу:
Семсерлесуден – 42 жүлде · Egemen Qazaqstan