Құқық
3 мин оқу 230

Тұтынушы құқы қорғалады

<p style="text-align: justify;">Қазір Парламент Мәжілісінде &laquo;Тұтынушының құқығын қорғау туралы&raquo; заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасы бизнестің жауап&shy;кершілігін арттыру және тұтынушының құқын қорғаудың тиім&shy;ділігін жетілдіруді көздейді. Сонымен бірге бұл іске үкі&shy;мет&shy;тік емес ұйымдардың қатысуын арттыру мақсатын алға қой&shy;ған. Заң жобасы Мемлекет басшысының тұтынушылардың мүдде&shy;сін қорғау туралы берілген тапсырмасының негізінде әзірленген.</p>

Тұтынушы құқы қорғалады

Қазір елімізде тұтынушыны алдап, сапасыз тауарлар ұсыну немесе алдын ала төленген ақшаны қақшып кетіп, жоқ болу сияқты әрекеттер көбейіп барады. Сондай әрекеттер Солтүстік Қазақстан облы­сында да артып келеді. Облыстық сауда және тұтынушылар құқын қорғау депар­таменті басшысының орынбасары Ләзім Мияшеваның айтуына қарағанда, был­тыр департаментке 491 арыз-шағым түс­кен болса, биылғы 11 айдың өзінде был­тырғы сан 8,4 пайызға көбейген. «Егер салалар туралы айтатын болсақ, биыл бөлшек сау­дада арыз-шағым – 41,5%, электрондық саудада – 46,2%, тұр­мыстық сау­дада – 3,0%, ТКШ сауда­сы бойынша 2,1%-ға артты. Осы көрсеткіштер бір жа­ғынан тұтыну мәде­ние­­тінің жоға­ры­­­ла­­ғанын көрсетсе, екінші жағы­­нан кәсіп­кер­лердің іс-әрекетіндегі ал­дап-арбаудың да артқанын көр­се­теді», деді ол.

Аталған заң жобасында өзінің құқы­ғын қорғаудың амалдарын тұты­нушы өзі таңдайды делінген. Мұн­дай амалдарға алаяқтық жаса­ған бизнес өкілін бірден сотқа беру немесе мемлекеттің органға шағымданып, оны заңды жолмен жауапқа тарту жатады. Сонымен бірге заң жобасы тұтынушының құқығын қорғайтын қоғамдық инс­ти­туттардың рөлін арттыруды көздейді. Сондай-ақ осы салаға Омбудсмен енгізуді есепке алған. Тұтынушы құқын қорғау барысында Омбудсмен және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мемлекеттік баж төлемейтіні де жобада қарас­ты­рылған. Сонымен қатар тұты­ну­шылардың қоғамдық бірлес­тік­теріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауар­лар­дың үлгілерін таңдау және қыз­мет­терді (жұмыстарды) сатып алу құқығы беріледі. Үшіншіден, тұты­ну­шылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және басқа да тұтынуға қызмет көрсету салаларына кеңейту ұсынылады. Бұлар барлық салада тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау үшін қажет, сондай-ақ тұтынушылардың құқық­та­рын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың сала­ара­лық үйлестіруін күшейтеді.

Заң жобасы тұтынушылардың құқы­ғын­ онлайн сауда барысында қорғауды да қарастырған. Биылғы жылдың 11 айында Сол­түстік Қазақстан облыстық сауда депар­таментіне түскен шағымдар арасында онлайн саудаға байланыстылары былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 34%-ға артты. Сондықтан тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган бұл салаға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі уақытта тұтынушылардың мәселелерін жылдам шешу үшін «Wildberries» электронды сауда алаңының өкілдерімен WhatsApp арна­сы құрылды. Атап айтқанда, «Wildberries» маркетплейспен бірлесіп, депар­тамент 72 тұтынушыға 2 млн 770 мың теңгеден астам қаражатты қайтаруға көмек көрсетті. Сондай-ақ қазір «Ozon» элек­тронды сауда алаңының өкіл­дерімен WhatsApp арнасы құрылды. Алайда жүргізіліп жатқан профи­лак­тикалық жұмыстарға қара­мас­тан қазір әлеуметтік желі­лер­дің әртүрлі парақшаларында сатып алынған тауарларды таңдап алу және төлеу кезінде алаяқтық әрекеттер орын алып отыр. Мәселен, Астана қаласының бір тұрғыны Instagram әлеуметтік желі­сін­дегі жарна­маны көріп, «Apple air pods3» құлаққаптарына тапсырыс беріп, сату­шыға 64 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жібергенімен, тапсырыс берілген тауарын ала алмаған. Тапсырыс берген кезде Instagram парақшасында 17 мыңнан астам жазылушы болған. Instagram парақ­шасында сатушының кеңсесі Петро­павл қаласы Сутю­шев көшесі, 60 деп, «Квартал» бизнес-орталығы көр­сетілген. Алайда атал­ған ны­сан­ға барған кезде бұл мекен­жай сұлулық салоны болып шығады және сатушының Instagram-парақ­ша­сын­да жарияланған бейненұс­қау­лық осы салонның Instagram-парақ­ша­сынан кө­ші­ріл­гені анық­талды. Бұл өтініш қазір құ­қық қорғау органдарында қаралып жатыр.

Алаяқтық, сондай-ақ сипатта­ма­­сына немесе үлгісіне сәйкес кел­мейтін сапасыз тауарларды сату артып тұр. Осыған байланысты Ләзім Мия­шева тұтынушыларға келесі кеңес­терді: тауар туралы ақпаратты, оның ішінде тауардың кепілдік мерзімі және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты мұқият зерделеу, сатушыдан сәйкестік сертификаттарын немесе сәйкестік туралы декларация­ны талап ету керектігін айта келіп ол: «Сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат­ты талап етуге әрбір тұты­ну­шы­ құқылы. Сатып алу алдын­да са­ту­шының беделі туралы, сон­дай-ақ ол сататын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы тұты­ну­­шы­лардың пікірлерімен танысу керек. Сонымен қатар сату­шы­ның бай­ланыс деректері және тауарды айыр­бастау-қай­тару шарттары туралы ақпарат беріл­меген күмәнді интер­нет-ресурстарда тауарға тапсырыс беруден аулақ болу керек», дейді.

Сөзінің соңында ол қазір тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган тарапынан «Сапалы өнім» жобасының тұжырымдамасы және осы жобаны іске асыру бойынша Жол картасы әзірленгенін мәлім етті.

Солтүстік Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Тұтынушы құқы қорғалады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар