Жарнама
 
Ауа райы
1 мин оқу 643

Елімізде жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегіне сүйенсек, алдағы жаңа жылдық мереке күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Желтоқсанның үшінші онкүндігінде жұртшылық мерекелік көңіл күйде болады. Көпшілік мерекенің лебін толық сезінуді күн райына да байланыстырып жатады.

Десе де синоптиктер айдың соңғы күндері ел аумағында жауын-шашын, қар мөлшері аз екенін мәлім қылды. 31 желтоқсан күні тек Батыс, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы облыстарында қар жауады деп болжанған.

Маңғыстауда жаңа жыл күні жоғары температура болуы мүмкін. Күндіз +3+8°С, түнде -2+3 °С градус жылы болмақ. 

Өзге өңірлерде жауын-шашын түспейді. Термометрдегі температура - 3 - 7 °С  градус салқын ауа райы күтіледі.

Ал мегаполистерге келер болсақ, Астана мен Шымкентте жаңа жыл күні қар жаумайды. Бас қала аспаны бұл күні бұлтты, температура көрсеткіші күндіз - 5 -7°С, түнде - 10 -12°С градусты көрсетіп, жылдамдығы 5-10 м/с болатын жел батыстан соғады. 

Шымкентте күн құбылмайды. Күндіз 0-5 °С, түнде -2-7 °С салқын болады. 

Ал алматылықтар жаңа жылды «ақ ұлпалы атмосферада» қарсы алады. Синоптиктер 31 желтоқсан күні Алматыда қар жауады, ауа температурасы күндіз  0-2 °С, түнде -3-5°С градус төмен болады деп болжап отыр.

Бөлісу:
Елімізде жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады? · Egemen Qazaqstan