Елорда
1 мин оқу 280

Елордада автобустар мереке күндері қалай жұмыс істейді

<p style="text-align: justify;">Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарасты &laquo;City Transportation Systems&raquo; ЖШС алдағы мереке күндері елордада қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Компания мәліметінше, 30-31 желтоқсан күндері автобустар демалыс күнінің кестесі бойынша 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 қаңтар таңғы сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін автобустардың 50%-ы шығады, 10:00-ден кейін толық кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді. Ал 2 қаңтар сенбі күнінің кестесі бойынша 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 

3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сенбілік кесте бойынша жүргізіледі. 3 қаңтардан қала маңы бағдарлары бекітілген кестеге сәйкес (апта күніне сәйкес) жүреді.

Бөлісу: