Қоғам
1 мин оқу 191

Алты облыс аумағында 15 жол учаскесі жабылды

<p style="text-align: justify;">Ауа райы нашарлап, қар аралас жаңбыр, көктайғақ секілді қолайсыздықтардан республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ  ұсынған мәлімет бойынша, 6 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Ақмола облысында – 5 учаске;

Жамбыл облысында – 1 учаске;

Жетісу облысында – 1 учаске;

Қарағанды облысында – 6 учаске;

Павлодар облысында – 1 учаске;

Ұлытау облысында – 1 учаске.

Барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта жолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Алты облыс аумағында 15 жол учаскесі жабылды · Egemen Qazaqstan