Бокс
1 мин оқу 110

Софияда сайысатын боксшылар

<p style="text-align: justify;">Ақпан айында Болгария елінің астанасы Софияда бокстан дәстүрлі &laquo;Странджа&raquo; турнирі өтеді. Осымен 75-рет ұйымдастырылатын &laquo;Кіші әлем чем&shy;пионаты&raquo; атанып кеткен турнирге бокс&shy;тан Қазақстан құрамасы да қатысады.</p>

Софияда сайысатын боксшылар

2-12 ақпан аралығында өтетін турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында жақында әскери антын берген әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы да мүмкін. Сонымен «Странджа» турниріне қатысатын ел құрамасы: Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Руслан Күзеубаев (60 кг), Ерасыл Танкай (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Талғат Шәйкен (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Тұрсынбай Құлах­мет (80 кг), Абзал Құттыбеков (86 кг), Сағындык Тоғамбай (92 кг).

Бөлісу:
Софияда сайысатын боксшылар · Egemen Qazaqstan