Әлем
1 мин оқу 170

Қаза болғандар бар: Ресейде 50 көлік соқтығысып қалды

<p style="text-align: justify;">Мәскеу мен Санкт-Петербург арасындағы негізгі ақылы жолда 50 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қаза болғандар бар: Ресейде 50 көлік соқтығысып қалды

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ірі апаттан төрт адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Кептелістің ұзындығы шамамен 1,5 шақырымды құрайтындықтан, зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізу үшін тікұшақтарды пайдаланып жатыр. Тасжолда тұрып қалғандар үшін жылжымалы жылыту пункттері – шатырлы қалашық пен автобустар орналастырылды.

Жол апатына ауа райының қолайсыздығы әсер етті. Оқиға орын алған кезде өңірде қатты қарлы боран болған.

Бөлісу:
Қаза болғандар бар: Ресейде 50 көлік соқтығысып қалды · Egemen Qazaqstan