Аймақтар
1 мин оқу 310

БҚО-да оқушылар мектепте тыйым салынған сайттарға еркін кіріп жүрген

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылар 14 мектептің информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізіп келгені анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО-да оқушылар мектепте тыйым салынған сайттарға еркін кіріп жүрген

Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін қол жеткізгені белгілі болды.

Мектеп қабырғасында мұндай әрекетке жол берілгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
БҚО-да оқушылар мектепте тыйым салынған сайттарға еркін кіріп жүрген · Egemen Qazaqstan