Пікір
2 мин оқу 234

Құқықтық жүйеге қатысты кәсіби жауап

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің бас газетіне берген сұхбатында қоғам мен мемлекет дамуы&shy;ның өзекті мәселелері қамтылған. Халықтың көкейінде жүр&shy;ген, еліміздің болашағына байланысты күрделі сұрақ&shy;тарға ашық та терең негізделген кәсіби жауаптар берілді. Пре&shy;зи&shy;денттің құқық үстемдігін орнықтыру саласындағы ой-толғам&shy;да&shy;ры ерекше назар аударады.</p>

Құқықтық жүйеге қатысты кәсіби жауап

Солардың қатарында Ата заң­ның үстемдігін қамтамасыз ететін, конституциялық бақы­лау­ды жүзеге асыратын жоғары орган – Конституциялық сотты қайта қалпына келтіруді атап өткен жөн. Оның моделін анықтау кезінде екі жүз жылдан астам тарихы бар халықаралық тәжірибе ескерілді.

Азаматтарға бұл органға тіке­лей жүгіну құқығы беріліп, олар өз құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын заңдар мен өзге де нормативтік-құқық­тық актілерді даулауға мүм­кін­дік алды. Азаматтардың өз құқық­та­рын қорғаудың бұл құралын пай­далану тәртібі барынша же­­ңіл­детілді, Қазақстанда көп елде қалыптасқан барлық сот инс­тан­циясынан өту талабы жоқ. Сондай-ақ заңдардың кон­­ституциялығын тексеруге бастамашылық жасау құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге де берілді.

2023 жылдың басынан қыз­метіне кіріскен Консти­ту­ция­лық сотқа осы уақытқа дейін бес мыңнан астам адам өтіні­шін жолдап үлгерді. Оларды қарау нәтижелері бо­йынша бірқатар заңның нормалары Конституцияға қайшы деп танылды. Кейбір заңдардың даулы ережелеріне конституциялық тұрғыдан түсіндірмелер берілді. Конституциялық соттың құ­қық­тық ұстанымдары мен ұсы­ныс­тарын жүзеге асыру мақсатында бірнеше заң жобасы әзір­ле­ніп, олардың алғашқылары қа­был­да­нып да үлгерді. Осы­лайша, азаматтық қоғам өкілдерінің тіке­лей қатысуымен Конституция қа­ғи­даттарының аясында ұлт­тық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін одан әрі же­тілдіру, оларды халықаралық мін­дет­темелерге сәйкестендіру қар­қыны артты.

Мемлекет басшысының Кон­­сти­туциялық сотты қайта құру идеясының жүзеге асуы құқықтық жүйені эволюциялық жолмен дамытуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кепілдіктерін және елдегі заңдылық режімін нығайтуға, ха­лық­тың мемлекеттік институт­тарға деген сенімін арттыруға зор ықпалын тигізіп отырғаны анық.

Бақыт НҰРМҰХАНОВ,

Конституциялық сот төрағасының орынбасары 

Бөлісу:
Құқықтық жүйеге қатысты кәсіби жауап · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар