Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді
<p style="text-align: justify;">2024 жылдың қаңтары Алматы тұрғындары үшін өте жылы және қарсыз болды. Фотограф Дмитрий Доценко қыс мезгіліндегі көктемгі гүлдердің суреттерін жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Видеоны фотограф өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Қыс ортасы. 9 қаңтарда Алматыда бәйшешек гүлдеді. Мен желтоқсанда гүлдердің бүр жарып жатқанын түсіргенмін, олар қаңтарда гүлдеді. Әдетте олар ақпан айында гүлдеуші еді», деп жазды фотограф.
Сондай-ақ ол Алматының таңғажайып қала екенін атап өтті.
«Гүлдер бізді қыс бойы қуантқалы отыр. Тау бөктерінде Алатау шафраны, ал қала маңындағы бақтарда галантустар пайда болды. Алматы − ғажайып қала», деп жазды Д.Доценко.
