Цифрландыру: Су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады
<p style="text-align: justify;">Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Ведомство мәліметінше аталған жүйеде еліміздегі су шаруашылығы нысандарының жай-жапсары туралы барлық ақпарат жинақталады.
Сондай-ақ жүйе су ресурстарының тұтынушыға дейін бөлінуін және пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.
Су ресурстарын цифрландырудың өте маңыздылығын айтқан сала министрі Нұржан Нұржігітов: «Қазіргі уақытта еліміздің бірнеше облысында ирригация желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта цифрландыру элементтерін жалпы ақпараттық жүйеге интеграциялау жоспарланып жатыр», деді.
