Аймақтар
1 мин оқу 172

Аудандарды аралады

<p style="text-align: justify;">Сенат депутаттары Ғалиаскар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов Жетісу облысындағы Кербұлақ, Панфилов және Көксу аудандарында болды.</p>

Аудандарды аралады

Сенаторлар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы және «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысымен танысты. Парламентшілер сондай-ақ аудандық мәслихаттардың депутаттарымен, кәсіпорындар мен ұйымдар ұжымдарымен кездесулер өткізіп, әлеуметтік нысандардың қызметіне куә болды.

Аудандық мәслихат депутаттарымен және жұмыс ұжымдарымен кездесулер барысында мектептер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту секілді күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыланды.

«Ауылда, әсіресе шекара маңын­дағы өңірлерде өмір сүру жағдай­ларын жақсарту – мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Бұл экономиканың дамуына және азаматтарымыз үшін жайлы өмір сүру жағдайын жасауға ықпал етеді», деп атап өтті депутат Ғалиасқар Сарыбаев.

Жетісу облысы 

Бөлісу:
Аудандарды аралады · Egemen Qazaqstan