Құқық
2 мин оқу 142

Заңсыз сауданың жолы кесіледі

<p style="text-align: justify;">Көлік министрлігі шетелдік рұқсат бланкілерін заңсыз жолмен қайта сатып жүргендерге қарсы шараларды барынша күшейтеді. Бұл туралы кеше Алматыда өткен халықаралық автокөлік тасымалы бойынша кеңейтілген кеңесте айтылды.</p>

Заңсыз сауданың жолы кесіледі

Қоғамдық пікірді барынша қамту және шешімдер қабыл­дау­дың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті отандық көлік-логистикалық бизнес және жүк­терді халықаралық автомобильмен тасымалдау мәселелері бо­йын­ша логистика өкілдерімен ар­найы кеңейтілген кеңес ұйым­дастырды. Онда салаға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, іс-шара Алма­тыдағы Логистика және көлік ака­де­миясының ғимаратында өтті. Көлік министрінің желтоқсан айын­да мегаполис тұрғындарымен кездесуінде берген уәдесіне сәй­кес Қазақстанның барлық өңірі­нен тасымалдаушылар әдейі­леп шақырылған. Басқосу барысында кәсіпкерлерге, сарап­шыларға және салалық қауымдас­тықтардың (Kazlogistics, KazATO) және «Атамекен» АЭС өкілдеріне қазақстандық тасымалдаушылар арасында шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі мұқият  таныстырылды.

Тақырыпты талқылау аясында ҚАТТК төрағасы Алтай Әлі нарық қатысушыларын Кө­лік министрінің «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқа­ру­шысының Шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа те­тігін қамтитын «Қазақстан Рес­пуб­ликасында халықаралық қатынас­та автомобиль көлігімен тасымалдауға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» жобасын қарастыруды ұсынды.

Дайындалған құжатта мемле­кеттік орган рұқсат бланкілерін тарату жүйесіндегі еркін бәсеке­ні қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қа­зақстанда шағын және орта биз­несті дамытуды шек­тей­тін, яғни, көлеңкелі нарық­та бланкі­лердің жасанды тапшы­лығын туғызатын мәселелерді толық жояды және оларды қайта сатуға мүмкіндік бермейді.

Шарттың әр тармағына назар салсақ, көлік құралдарының тасымалдау тарихы мен қызметіне шектеулерді алып тастауды, бел­гі­лі бір тапсырыс болған жағ­­дай­да кез келген отандық тасы­мал­даушыға бланкілерді беру­ді, бланкілерді көлеңкелі нарық­та қайта сатудың барлық алғышарт­тарын жоюды, бланкілерді беру туралы шешімдер қабылдау үде­рістерінен көліктік бақылау инс­пекцияларын алып тастауды, сондай-ақ бланкілерді пайдалануды қашықтықтан бақылауды енгізу көзделген.

Келелі кеңесте, сонымен қа­тар нарық қатысушыларымен халық­аралық жүк тасымалдаудың басқа да өзекті мәселелері де ашық талқыланды.   

Бөлісу:
Заңсыз сауданың жолы кесіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар