Аймақтар
1 мин оқу 560

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті дерегінше, күші 3 балға дейін жеткен жерасты дүмпуін сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де тіркеген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Дүмпу ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырымдағы Жетісу өңіріндегі Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аумақта орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл», деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық ТЖД жергілікті атқарушы органдарды, полиция департаментін, прокуратураны және басқа ұйымдарды құлағдар етті. Жағдай нақтыланып жатыр. Қирау және құрбандар туралы ақпарат түспеген.

Бөлісу:
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді · Egemen Qazaqstan