Медицина
2 мин оқу 160

Дәрігерлердің қайырымдылығы

<p style="text-align: justify;">Балалар арасындағы фар&shy;ма&shy;ко&shy;ре&shy;зис&shy;тентті эпилеп&shy;сия &ndash; жүйке жүйесі ауру&shy;ла&shy;рының кең тара&shy;ған түрі. Бүгінде бұл дерт&shy;ке ем ре&shy;тінде жаңа ем-дом түрле&shy;рі қолда&shy;нылады. Яғни препараттар, стимуляторлар, арнайы диета да әзірленді. Алайда эпилепсияның дәріге басылмайтын түрі болса, дәрігерлер арнайы операция жасайды.</p>

Дәрігерлердің қайырымдылығы

Өткен жылы облыстық балалар кли­ни­калық ауруханасында дәп осындай 10 операция жасалыпты. Оның әрқай­сысы­ның құны 10 миллион теңгеге жуық.

Кезбе жүйкесіне стимулятор қою – ең күрделі операция. Мұндай операцияны облыстық клиникалық балалар ауруханасы дәрігерлері 2020 жылдан бас­тап жасап келеді. Стимулятор 5 жыл­ға орнатылады, одан кейін батареяны ауыс­тыру қажет.

– Операция барысында екі тілік жасалады. Біреуінен кезбе жүйкесі шы­ғарылып, оған арнайы электрод жал­ғанады. Ол екінші тілікке дейін созы­лып, кеуде қуысына бекітіле­ді. Со­сын терінің астына аппарат салынады. Операция кезінде оның жұмы­сы тексеріледі, – дей­ді аурухана­ның нейрохирург-дәрігері Руслан Хаутиев.  2021 жылы төрт науқасқа, одан кейін­гі жылы алты балаға, биыл он бала­ға операция жасадық. Жоспарлы опера­цияның құны 9,5 млн теңгеден асады. Мұны әлеуметтік медициналық сақтан­­дыру қоры төлейді. Бұл – ата-ана­лар­ға қаржылық көмек қана емес, науқас балалардың қалыпты өмір сүруі үшін үлкен қолдау.

Стимулятор орнатылған ал­ғаш­қ­ы пациенттердің бірі 14 жастағы қара­ғандылық болды. Ол екі жасынан эпи­лепсиямен ауыр­ған. Дәрі-дәрмек­пен жүргі­зілген ем де талманы баса алма­ған. Қыздың анасының ай­туынша, эпилепсиялық ұстама тәу­лігіне 90 ретке дейін қайталаған сәттері де
болған.

«Қызыма аппарат қойылған­нан бері екі жылдан аса уақыт өтті. Қазір ол өзін жақсы сезіне­ді. Операциядан соң 8 айдан кейін ба­ла­­ның белсенділігі артқанын, есте сақтауы мен сабақ үл­герімі жақ­­сар­ғанын аңғардық. Құ­рыл­­ғы оны мүлдем мазаламайды. Опе­­рация­ға дейін бір айдай тек­серіл­дік. Сти­мулятор қойға­нымызға еш өкін­­­бейміз», дейді науқастың анасы.

Қарағанды облысы

Бөлісу: