Спорт
1 мин оқу 260

Әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары елорда төрінде сынға түседі

<p style="text-align: justify;">Астанада World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында жеңіл атлетикадан Алтын деңгейдегі Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes бірінші халықаралық турнирі өтеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары елорда төрінде сынға түседі

Жеті қаланы қамтитын Алтын деңгейдегі кездесулер сериясы 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.

Астанада төмендегі санаттағы жарыстар өтеді:

  • Әйелдер: 400м, 60м, 1 миль, 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.
  • Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, 400м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.

Турнирге қатысуға тіркелген спортшылар арасында сырықпен секіру бойынша қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, 200 м жүгіруде Гауһар лигасы финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс, 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері – Ниа Али, сондай-ақ 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы – Тоби Амусан сияқты жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары бар.

Бөлісу:
Әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары елорда төрінде сынға түседі · Egemen Qazaqstan