Олимпиада
1 мин оқу 172

Спортшылар Канвонға жетті

<p style="text-align: justify;">Жасөспірім олимпиадашыларымыз байрақты дода өтетін Оңтүстік Корея&shy;ның Канвон қаласына аман-есен барып қонды.</p>

Спортшылар Канвонға жетті

Қазіргі таңда спортшыларымыз өздеріне арналған қонақүйлерге жайғасып жатыр. Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанады. 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарысқа әлемнің 50 мемлекетінен 1 800 спортшы қатысады. 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 42 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап, 55 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конь­кимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша сынға түседі.

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олим­пиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.

Бөлісу:
Спортшылар Канвонға жетті · Egemen Qazaqstan