Спорт
1 мин оқу 103

Сұрмергендер Азияны бағындырды

<p style="text-align: justify;">Стенд атудан Кувейтте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында трап бағдарламасы бойынша жерлес&shy;теріміз топ жарды.</p>

Сұрмергендер Азияны бағындырды

35 елден жиналған 350-ден астам мерген сынға түсіп жатқан сары құрлық сайысында 140 ұпай жинаған Әлішер Айсалбаев/Мария Дмитренко жұбы алдына жан салмады. Екінші орынға 137 ұпаймен Мохаммад Бейранванд/Марзиех Парвареш жайғасса, үздік үштікті Юхао Гуо/Сяоцзин Ван (136 ұпай) түйіндеді.

Айта кетейік, бұрнағы күні Мария Дми­тренко трап бағдарламасы бойынша жеке және командалық сайыста қос қола жүлде иеленген болатын.

Стенд атудан Азия чемпионаты 22 қаң­тарға дейін созылады. Кувейтте Париж Олим­пиадасының 8 лицензиясы сарапқа салынады. Скит жəне трап бағдарламасында елімізден барлығы 18 спортшы өнер көрсетіп жатыр.

Бөлісу:
Сұрмергендер Азияны бағындырды · Egemen Qazaqstan