Қоғам
1 мин оқу 4,671

Қандықол екі қылмыскер бостандыққа шығады. Петропавл тұрғындары алаңдаулы

<p style="text-align: justify;">Петропавлда&nbsp;жаза мерзімі аяқталған екі қандықол қылмыскер бостандыққа шыққалы отыр. Оның бірі қаңтар, екіншісі сәуір айында шығады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қандықол екі қылмыскер бостандыққа шығады. Петропавл тұрғындары алаңдаулы

Валерий Кричиневский, Александр Лютов есімді екі жаза өтеушінің қылмыстары ұқсас. Екеуі де беймізгіл уақытта жалғыз жүрген әйелдер мен балаларды аңдып, балтамен ұрып-соғып, зорлық көрсетіп, тонаумен айналысқан. Олардың қасқөй әрекетінен тіл тартпай ажал құшқандар да бар.

61 жастағы Валерий Кричиневский ауыр қылмыстары үшін 1999 жылы 25 жылға бас бостан­дығынан айырылса, 51 жастағы Александр Лютов 20 жылға жазаға тартылған. А.Лютов 2016 жылы 17 жыл отырғаннан ке­йін оны шартты мерзіммен түр­меден де шығарады. Бірақ Лю­­тов бостандыққа шыққаннан ке­йін тағы қылмысқа барады, 19 жас­тағы бойжеткенге шабуыл жаса­ған. Бұл жолы судья Михаил Гусев оған бар болғаны 3 жыл ғана жаза ке­седі. Жасы 50-ден жаңа ғана ас­қан, психикасы кісі өлтіруге құ­мар­тып тұратын қаскөй ертең тағы бі­реу­дің қанын мойнына жүкте­месіне кім кепіл? Ол биыл сәуірде бостандыққа шыққалы отыр.

Қазір Петропавл тұрғындары өздерінің, жақындарының, әсіресе балаларының өмірі үшін алаңдаулы отыр. Облыстық полиция депар­таментінің басшысы, полковник А.Қабылдинов оларды ты­ныштандыруға тырысып бақты. Оның айтуынша, учаскелік по­ли­ция инспекторы да, жедел уәкіл де түзеу мекемесінен шық­қандардың жүріс-тұрысын көзден таса қылмайды.

Айта кетейік, газеттің бүгінгі санында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші Жақсыбай Самраттың «Қылмыскер түрмеден шықса...» атты мақаласы жарияланды. Деректер сол мақаладан алынды.

Бөлісу:
Қандықол екі қылмыскер бостандыққа шығады. Петропавл тұрғындары алаңдаулы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар