Жәдігер
1 мин оқу 170

Жаңа жәдігермен толықты

<p style="text-align: justify;">Балқаш тарихи-өл&shy;кетану музейіне сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, Түрік қағанатымен жалғасқан, Қазақ хан&shy;ды&shy;ғының және тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі тарихын баян&shy;дайтын небір құн&shy;ды экспонаттар қойыл&shy;ған. Көрме залдарында әр кезеңді көз ал&shy;дыңа әкелетін көне жәді&shy;гер&shy;&shy;лер, фотосуреттер бар. Жақында мұражай қоры тағы бір жаңа жә&shy;дігермен толықты.</p>

Жаңа жәдігермен толықты

Балқаштық білікті дәрігер Нина Васильевнаның немересі Иван Гончаров әжесінің қан қы­сы­мын өлшейтін құралы сфиг­мо­манометрді мұражайға тапсырды.

– Менің әжем 35 жыл бойы тек бір ғана ауруханада еңбек етіп, сол мекемеден зейнетке шық­­қан ақ халатты абзал жан. Бі­лікті дәрігер Нина Васильевнаны балқаштықтар жақсы біледі. Әлі есімнен кетпейді. Бұл құралмен әжем көршілердің қан қысымын өлшейтін. Көршілерімізде жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын адамдар көп болатын. Сонда әжем осы арнайы құралдың кө­мегімен өлшеп, қалай емделуге кеңес беретін, – дейді дәрігердің немересі Иван Гончаров.

Cфигмоманометр 1962 жылы Ленинград қаласындағы Крас­но­гвардеец зауытында жасалған екен.

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы

Бөлісу:
Жаңа жәдігермен толықты · Egemen Qazaqstan