Қоғам
1 мин оқу 426

Мобильді қосымша дерек көзі болмақ

<p style="text-align: justify;">Еуразия ұлттық университетінің IT мамандары қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тегін цифрлық өнімдер жасап жатыр. &laquo;Қызықты ономастика&raquo; жаңа мобильді қосымшасы адам есімінің, географиялық нысандардың, жануарлар мен құстардың мағынасы мен шығу тегін білуге мүмкіндік береді, деп &nbsp;жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. &nbsp;&nbsp;&nbsp;</p>

Мобильді қосымша дерек көзі болмақ

«ЕҰУ IT мамандары қазақ тілінде «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын әзірледі. Жаңа цифрлық өнім 800-ден астам жеке атауларды біріктіреді. Олар 100-ден астам семантикалық белгілер бойынша топтастырылған және бұл бағдарламаның басты артықшылығына айналды. Мобильді қосымшаны пайдаланушыларға сәбиіне есім таңдауға немесе өз есімінің мағынасын білу мүмкіндігі де ұсынылғаны» жазылған ақпаратта.

Бөлісу: