Ауа райы
1 мин оқу 6,840

Ел тұрғындарын тағы да - 30 градус аяз күтіп тұр

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 23-25 қаңтар аралығында Қазақстан территориясында аязды ауа райы болатынын мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ел тұрғындарын тағы да - 30 градус аяз күтіп тұр

«Алдағы үш күнде республиканың бүкіл Батыс жартысына Батыс антициклоны ықпал етеді. Салдарынан жауын-шашын, қарсыз аязды ауа райы болады. Ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.  Бұл циклон ықпалына сәйкес жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады, көктайғақ, тұман түсіп, боранды жел күшейеді.

Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 аяз, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 аяз болады. Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +5, түнде - 5 градусты көрсетсе, оңтүстік-шығыста 0-10 градус аяз күшейеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Бөлісу:
Ел тұрғындарын тағы да - 30 градус аяз күтіп тұр · Egemen Qazaqstan