Қоғам
1 мин оқу 932

Сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

<div class="description" style="text-align: justify;">ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты &laquo;Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы&raquo; ЖШС сейсмикалық стансалар желісі кезекті жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 263 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

Жер сілкінісі 2024 жылдың 23 қаңтарында Алматы уақытымен сағат 13:19-да тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 263 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Дүмпулер Қазақстан аумағында сезілген жоқ», делінген мамандар таратқан хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5. Магнитудасы MPV – 4,5. Эпицентр координаттары – 41,15° солтүстік. 78,48° E. Тереңдігі – 5 км.

 

Еске салайық, 2024 жылдың 23 қаңтарына қараған түні Алматыда жер сілкінісі болды. Алматы тұрғындары сезінген жерасты дүмпулер бес баллға жетті.

Бөлісу:
Сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді · Egemen Qazaqstan