Оқиға
1 мин оқу 150

Оралда өрт шыққан үйден 88 жастағы зейнеткер құтқарылды

<p style="text-align: justify;">23 қаңтар күні кешке Оралдағы Тайманов көшесінде жеке тұрғын үй өртеніп, үйдің иесі зардап шекті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Мой город&raquo; басылымына сілтеме жасап.</p>

Оралда өрт шыққан үйден 88 жастағы зейнеткер құтқарылды

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйде жиһаздар мен төбенің бір бөлігі жанып жатқанын анықтады. Өрт аумағы шамамен 40 шаршы метрді құрады.

«1936 жылы туған үй иесі өрт орнынан жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Өрт орнынан 50 литрлік 1 газ баллоны шығарылды. Өрт 17:41-де оқшауланып, 17:56-да сөндірілді», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Бөлісу:
Оралда өрт шыққан үйден 88 жастағы зейнеткер құтқарылды · Egemen Qazaqstan