Алматыдан 260 шақырым жерде тағы екі жер сілкінісі тіркелді
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми орталығының сейсмологтары 24 қаңтар күні күндіз Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің эпицентрінде тағы екі жер асты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

24 қаңтар күні сағат 12:29-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді.
35 минуттан кейін сағат 13:04-те Қазақстан мегаполисінен 267 шақырым жерде, дәлірек айтқанда Қытай аумағында тағы бір жерасты дүмпуі тіркелді.
Екі жағдайда да Қазақстанда дүмпулер сезілген жоқ.
Магнитудасы – 4,5 және 4,8.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 211–268 шақырым жерде бір сағаттан сәл астам уақыт ішінде үш рет жер асты дүмпуін тіркеді.
