Хоккей
1 мин оқу 100

«Ладаға» есе жіберді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген &laquo;Барыс&raquo; қата&shy;рынан төртінші кездесуінде жеңілістің кермек дәмін татты.</p>

«Ладаға» есе жіберді

Бұл жолы жерлестеріміз Тольяттиге сапар шекті. Олег Болякин аталған матчқа мына ойыншыларды шығарды: Шутов (Паскуале) – Скленичка-Ножье, Әсетов-Апальков – Камара, Хенкель – Шалапов, Савицкий-Шестаков – Оберг, Бекетаев – Нұрғалиев, Рымарев – Червени – Мұратов, Өмірбеков – Шайхмедденов – Борисевич. Жерлестеріміз бәсекені жаман бастаған жоқ. Біраз уақыт бойы олар айдын иелеріне тойтарыс берді. Десек те бірінші кезеңнің аяқталуына бір жарым минуттай уақыт қалғанда қонақтардың қорғаныс шебі сыр берді. Содан кейін-ақ «Ладаның» хоккейшілері өз үстемдігін жүр­гізді. 54-минутта Остап Сафин екінші голды соққаннан кейін мәселе толықтай шешілді. Есеп – 2:0.

Қазіргі кезде «Барыс» жарыс кестесінде 19-орында келеді. Кеше олар Қазанның «Ақ Барсын» қабылдады.

Бөлісу:
«Ладаға» есе жіберді · Egemen Qazaqstan