Алматы
2 мин оқу 270

Алматыдағы Ататүрік ескерткіші

<p style="text-align: justify;">Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Тас тұғырға қонған еңселі ескерткішті Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған &laquo;Ататүрік скверіне&raquo; орнатты.</p>

Алматыдағы Ататүрік ескерткіші

Ескерткіштің ашылу салтанатына Мә­дениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақ­стандағы елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Ха­лықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұл­тан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ес­керткіш орнату туралы тапсырманы Түр­кия Республикасының 100 жылдығына орай Режеп Тайып Ердоғанның елімізге сапары кезінде бергенін атап өтті.

«Түбі бір, тарихы тамырлас Түрік елі – біз үшін кеше де, бүгін де тілегі ортақ, мақ­саты бір ба­уырлас мемлекет. Мемлекет басшы­ла­рының ар­қасында осы күндері біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, қазіргі таңда барлық салалар қарқынды дамып ке­леді. Әсіресе бауырлас екі ел арасындағы ынтымақ­тастықтың алтын көпірі болған мә­дени байланысымыз зор. Бұл ретте Түркия та­рихында өшпес із қалдырған қазіргі түрік мем­лекетінің негізін қалаушыға ерекше мән бе­ріледі. Ол жүзеге асырған мә­дени, саяси, эко­номикалық, әлеуметтік реформа­лары­мен заманауи қоғамның құрылуына баға жет­пес үлес қосты. Мемлекеттің дамуына негіз болатын реформалар күні бүгінге дейін жал­ғасып келеді», деген Аида Балаева ескерткіш Түр­кияның тарихи мұрасын құрмет­теуді ғана емес, екі елдің достығы мен ынты­мақтастығын да бейнелейтінін атап өтті.

Биіктігі 3 метрден тұратын қола ес­керт­­кіштің тұғыры граниттен жасалған. Ес­керткіштің авторлары мүсіншілер – Айдос Бүр­кітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Алматыдағы Ататүрік ескерткіші · Egemen Qazaqstan