Футбол
1 мин оқу 180

Көш басында – «Манчестер Сити»

<p style="text-align: justify;">Халықаралық футбол тарихы мен ста&shy;тистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлем&shy;нің ең үздік клубтарының тізімін жа&shy;риялады.</p>

Көш басында – «Манчестер Сити»

Үздіктер көшін «Манчестер Сити» бастап тұр. Былтыр бұл команда Англия Премьер-лигасын ұтып, ел кубогін иеленді. УЕФА Чем­пиондар лигасында қарсылас шақ кел­тірмей, УЕФА суперкубогін олжалады. Одан бөлек, клубтық әлем чемпионатында алдына жан салмады. Мадридтің «Реалы» екінші орын алса, Миланның «Интері» үшінші сатыға табан тіреді. Сондай-ақ «Аль-Ахли» (Мысыр), ПСВ (Нидерланд), «Байер» (Германия), «Флу­миненсе» (Бразилия), «Фиорентина» (Италия), «Палмейрас» (Бразилия) және «Порту» (Португалия) сынды әйгілі клубтар ТОП-10 команданың қатарынан көрінді.

Қазақстанның клубтары арасында ең жақ­сы нәтиже «Астанаға» тиесілі. Елордалық фут­бол­шылар 414-орынды еншіледі. Салыс­тырмалы түрде алсақ, «Астана» Санкт-Петер­бургтің «Зенит», Мәскеудің «Локомотив» және тағы басқа бірқатар белді командалардан жо­ғары тұр.

Бөлісу:
Көш басында – «Манчестер Сити» · Egemen Qazaqstan