Аймақтар
1 мин оқу 540

Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 19 адам зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Күн райының күрт нашарлауы салдарынан Жуалы ауданында ірі жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 19 адам зардап шекті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, «Алматы – Ташкент» республикалық маңызы бар жолының 567 шақырымында автобус пен жеңіл және жүк таситын автокөлік соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық ауруханаға 19 адам жеткізілген, оның ішінде 1 бала бар. ТЖД қызметкерлерінің жұдырықтай жұмылуымен қысылып қалған адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілген.

в

Дерекке сенсек, қаза болғандар жоқ. Қазіргі кезде Нұрлыкент ауылындағы мәдениет үйінің жылыту пунктіне 39 жолаушы орналастырылған, оның ішінде 8 бала бар.

Бөлісу:
Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 19 адам зардап шекті · Egemen Qazaqstan