Кино
1 мин оқу 282

«Ақ боз үйдің» актері марапатталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Қайрат Кемалов Камерун астанасы Яун қаласында өткен &laquo;YARHA FESTIVAL&raquo; халықаралық кинофестивалінде &laquo;Үздік ер адам бейнесі&raquo; аталымы бойынша жеңімпаз атанды.</p>

«Ақ боз үйдің» актері  марапатталды

Аталған фильм жазушы, кинодраматург Смағұл Елу­бай­дың «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген. Кино­кар­тина өткен ға­сыр­дың бірінші жартысындағы халықтың басынан өткерген ауыр тағдырын баяндайды.

Режиссер Б.Елубайдың фильмі бір отбасының оқиғасын су­­реттейді, онда Қайрат Ке­малов би Пахраддиннің рөлін ойнайды.

Туынды жергілікті көрер­меннің оң пікірін алып, отандық кино актерлерінің шеберлігі жоғары бағаланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның Бурса қа­ла­сында өт­­кен «korkut ata» түр­кі әлемі кино фес­тива­лінде де актер Қ.Ке­малов Пахраддин образы үшін «Үздік ер адам бей­несі» ата­лымы бойынша озық шықты.

Дидар Асылхан,

Қ.Ясауи университетінің 2-курс студенті

Бөлісу:
«Ақ боз үйдің» актері марапатталды · Egemen Qazaqstan